ҚАЗАҚСТАНМЕКТЕПТЕРІНДЕ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОҚЫТЫЛУЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.88.4.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы мектеп математика бағдарламасына кіріктірілген ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтерін оқытуда туындайтын әртүрлі жағдайлар мен қиындықтар туралы баяндалған. Сол себепті, мектеп оқушыларын ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтерін оқытуға негізделінген қажетті әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі мен тақырыпты оқытуға бөлінетін сағаттың аздығы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып, мақсаты және оны шешу жолдарын анықталған. Мақаланың мақсаты –Қазақстан мектептеріндегі білім алушылардың ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін жеткілікті деңгейде меңгере алмауларының себеп-салдарларын анықтау болып табылды.Алматы қаласы және Алматы облысының бірнеше мектептерінде математика пәнінің мұғалімдерінен сауалнама алынып, оқушылардың тоқсандық жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасалынды. Сауалнама сұрақтары «Google forms» платформасы арқылы құрастырылып, сілтеме арқылы пән мұғалімдеріне таратылды. Алынған нәтижелерді шетелдік авторлардың жасаған тәжірибелік жұмыстарымен салыстыра отырып, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы оқытуда дәстүрлі оқытуға қарағанда тұлғаға бағытталған оқыту әдістерінің маңызы зор екендігі айқындалды. Сондай-ақ, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша оқыту нәтижелері мен мектеп бағдарламасындағы «Ықтималдық және статистика» бөлімінің мазмұны мен бөлінген сағат сандары Ресей елдерінде оқытылатын сәйкес бағдарламалардың мазмұнымен, сағат сандарымен салыстырылған. Қорытынды бөлімінде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтерін оқытуда күтілетін нәтижелер материалдың көлеміне немесе оқушының жасына ғана байланысты емес, оны оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, қолданылатын әдіс-тәсілдерге, сонымен қатар, бөлінген сағат санына да байланысты екені және аталмыш пәнді сапалы меңгерту үшін оқыту үдерісінде белсенді оқыту әдістері мен заманауи технологияларды қолдану керек деп тұжырымдалған.