Аңдатпа
Мақалада Алматы облысы мен Алматы қаласындағы таулы жерлерде өсетін итмұрынның әртүрлі сорттары мен формаларының жемістеріндегі ауыр металдардың салыстырмалы құрамы қарастырылады. Өсімдік ағзасында ауыр металдардың пайда болу шарттары келтірілген. Халық итмұрын жемістерін тағамдық және дәрілік мақсаттарда жиі қолданатындығына байланысты жемістердегі ауыр металдардың концентрациясы және олардың қауіпсіздік деңгейі мәселелері туындайды. Екі қарама-қарсы экологиялық аймақта өсетін итмұрын жемістеріндегі ауыр металдардың салыстырмалы сандық мәндері келтірілген. Эксперименттік жолмен зерттелетін итмұрын сорттары мен формаларының жемістеріндегі химиялық заттардың мөлшері рұқсат етілген шекті концентрациядан аспайтыны анықталды. Сонымен қатар, қалалық итмұрындардың жемістерінде ауыр металдардың концентрациясы таулы плантациялық екпелерге қарағанда біршама жоғары, бірақ бұл ретте шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) аспайды. Зерттелетін итмұрын сорттары мен формаларының ішінде екі қарама-қарсы экологиялық учаскеде тек бір жағдайда кадмий мөлшері бойынша нормадан сәл асады, бұл 1,0302 мг/кг қалалық екпелердегі "Форма-3". Итмұрын жемістеріндегі ауыр металдардың төмен мөлшерде болу себептері, шаң жемістердің тегіс бетіне қонған шөгінділер ауа-райының жаңбырлы уақытында толығымен жуылатындығымен түсіндіріледі.