КЕН ОРНЫНЫҢ САРҚЫЛУЫ ЖАҒДАЙЫНДА МҰНАЙ ҰҢҒЫМАСЫНЫҢ КӨЛДЕНЕҢ УЧАСКЕСІНІҢ АҒЫМДАҒЫ ҰЗЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.25-637
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұсақ мұнай кен орындары сарқылуға көлденең ұңғымалармен игерілген кезде, яғни мұнайды қабаттық қысымды ұстамай-ақ іріктеу жүргізіледі, өйткені қысымды ұстап тұру үшін қосымша айдау ұңғымаларын бұрғылау қажет. Қабаттық қысымның қанығу қысымынан төмен түсу диапазонында жоғарыда аталған коэффициенттердің өзгеруі айтарлықтай болады және бұл ұңғыманың ағынының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, бастапқы деңгейде жету үшін қабаттың дебиті мен депрессиясын сақтау үшін көлденең бөліктің ұзындығын көбейту керек. Көп жағдайда көлденең ұңғымалар көлденең ұңғыманың және фонтанды құбырларының ұзындығы мен диаметріне, олардың өнімділік аралығындағы профиліне, ұңғыманың қалыңдығы бойынша орналасуына және ашылатын қабатшалардың сыйымдылық және сүзу қасиеттерін, кеніш маңындағы аймақтың ластану дәрежесін, ұңғымаларды суландыру мүмкіндігін және депрессиялның пайда болуын ескере отырып, дренаж аймағының контурына қатысты тиісті негіздемесіз бұрғыланады. Сондықтан көлденең ұңғымалардың таңдағанда, оқпандарды орналастырудан және ашудың толықтығынан басқа, қабатқа депрессияның мөлшерін, анизотропия параметрін, өнімді аралықтағы оқпан профилін, сулану мүмкіндігін және т. б. ескеру қажет. Көлденең ұңғымалардың конструктивтік ерекшеліктері тік ұңғымалар үшін әзірленген олардың құрылысын негіздеу әдістері мен технологияларын тікелей пайдалану, қабаттарды ашу және осындай ұңғымаларды қалыңдығы бойынша орналастыру мүмкіндігін болдырмайды. Бұл жұмыс осы мәселені шешуге арналған.