МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ҚҰМДЫ НЫҒАЙТУ ӘДІСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2024/18
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цемент бұл құрылыс материалы ғана емес қоғамдағы мәдини мұраларды сақтауды қамтамасыз ететін материал. Жыл сайын әлемде цемент бетонын пайдалана мыңдаған құрылымдар салынады (мәдини мұралар, тарихи ескерткіштер), бірақ уақыт өте келе жарамсыз және де адам мен жануарлар үшін қауіпті болып келеді. Сондықтан бұл құрылымдарды қайта қалпына келтіру үшін өзін-өзі қалпына келтіруге қабілеті бар материалдарды қолдануға болады. Соның бірі, уреаза активті бактерияларды пайдалану бұл мәселелерді тиімді шешеді. Өйткені бетон құрылымындарында бактерия қолданылса бастапқы пайдаланудан кейін тіршілігін жалғастырады және өсуін тоқтатпайды. Қоршаған ортадағы кальций карбонаты мен мочевина гидролизі жүріп, минерализацилануы үшін уреаза қажет. Уреаза белсенділігінің нәтижесінде көмірқышқыл газы бөлінеді, бактериялар мочевинаны жалғыз азот көзі ретінде қолдана алады, аммиак ортаның рН жоғарлатады бұл Ca2+ мен Co3+ тұнбасы пайда болып, Ca2Co3 түзіледі. Бұл ерекше қасиеті әсіресе құрылыс саласында (бетон конструкциялары, сылақ ерітінділерінде, дайын қосындыларда, отқа төзімді элементтер, кірпіш өндірісінде) қолдануға қолайлы. Микроағзалар кәріз суларынан, ағынды сулардан бөлініп алынғаннан кейін мочевинаны гидролиздеу қабілетіне тексерілді. Мочевинасы бар қоректік ортада 7 изолятқа сынақ жүргізілді, олардың ішінде уреаза белсенділігі жоғары 2 штам таңдалынып алынды. Бұл мақалада биоцементациялау әдісі арқылы құмнан жасалынған құрылыс материалы зерттелді. Қатқан құмның беріктігін анықтау үшін жауын суының эрозиясы арқылы сынақ жүргізілді. Сондай-ақ нығайтылған құмды SEM-BSE микроскопы арқылы зерттеліп, құмдағы кальций карбонаттарының биоцементілігі айқын көрініс берді.