Аңдатпа
Жүзім Қазақстанда маңызды жеміс дақылы болып табылады. Жалған ақ ұнтақ (милдью) - Plasmopara viticola тудыратын ең көп таралған жүзім саңырауқұлақ ауруларының бірі. Қоздырғыштың таралуын бақылаудың тиімді әдісі – бұл төзімді сорттарды өсіру. Vitis Vinifera сорттары жоғары сапалы жүзім шаруашылығының негізі болып саналады, бірақ P. viticola-ға сезімтал болып келеді. Тұрақтылық донорларын іздеу - бұл селекцияның маңызды кезеңі. Бұл жұмыста Rpv10, Rpv12 және Rpv3 локустары бойынша жалған ақ ұнтаққа төзімділік гендерімен байланысқан 5 (GF18-08, GF18-06, GF09-46, GF09-48, GF14-28) ДНҚ маркерлерін қолдана отырып, қазақстандық селекциясының таңдалған жүзім сорттары мен гибридтеріне ПТР әдісімен зерттеулер жүргіздік. Реакция өнімдерін бөлу 3500 автоматты генетикалық ДНҚ анализаторын қолдана отырып, капиллярлық электрофорез әдісімен жүзеге асырылды. Талдаулар зерттелетін үлгілердің тұқымына сәйкес мақсатты аллельдерді анықтау мүмкіндігіне сәйкес жүргізілді. Милдьюға төзімділік локустарының болуын молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижесінде оң аллельдері бар 7 сорт (16-дан) және 9 гибрид (29-дан) анықталды. Сонымен милдьюға төзімді Rpv3 гені бар алты гибридті генотиптерде және төрт сортта анықталды. Ал Rpv10 локусы бойынша – Алмалы, Береке және Фиолетовый ранний сорттарында екі маркерде (GF09-46, GF09-48) және үш жүзім гибридінде анықталды. Rpv12 төзімділік гендері табылмады. Бақылау ретінде тұрақтылықпен корреляцияланған тізбектердің тұқым қуалауын растау үшін кейбір бастапқы ата-аналық сорттар пайдаланылды.