СУАРМАЛЫ ЖӘНЕ ҚУАҢШЫЛЫҚ ЕГІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДА МАЙБҰРШАҚТЫҢ ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2024/22
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағы жағдайында майбұршақ дақылын өсіру, өндіру бойынша негізгі өңірге айналып отыр. Соңғы уақытта облыста майбұршақ дақылының егістіктері айтарлықтай ұлғайды. Алматы облысының таулы аумағында, күрт континентальды климатында қуаңшылық жылдары өнімділігі жоғары майбұршақ дақылдарының қалыптасуына кері факторлардың бірі табиғи ылғалдылықпен қамтамасыз етілмей қалуы болып отыр. Майбұршақ дақылы сыртқы орта жағдайларына аса сезімтал болып келеді, жауын-шашып жетіспеушілік, қолайсыз жылдары вегетациялық кезең ұзақтығының толық жүрмей, қысқаруынан майбұршақ өнімі 30-40% төмендеуіне әкеледі. Сол себепті майбұршақ дақылының вегетациялық кезең ұзақтығы оңтайлы және өнімділігі жоғары сорттарды алу маңызды мәселелердің бірі. Біздің зерттеу жұмысымызда салыстырмалы түрде суармалы және қуаңшылық жағдайлардағы майбұршақ сорттарының вегетациялық кезең ұзақтықтарына бақылау жасалды. Фенологиялық бақылау нәтижесінде ерте пісетін топтағы Ивушка, Восточная красавица, Роза сорттар суарламы жағдайда (90 күн), қуаңшылық жағдайда (87 күн); орташа пісетін топ Радость, Алматы сорттары суармалы жағдайда (92-95 күн), қуаңшылық жағдайда (90 күн); кеш пісетін топ Бірлік, Вита, Даная сорттары суармалы жағдайда (101-104 күн), қуаңшылық жағдайда (98-101 күн) анықталды. Осы аталған майбұршақ сорттарын еліміздің оңтүстік шығыс жағдайында қуаңшылық селекциясына бастапқы материалды ретінде қолдануға ұсынылады.