БІРІНШІ СІБІР КОМИТЕТІНІҢ1ҚЫЗМЕТІЖӘНЕ 1822 ж. «СІБІР ҚЫРҒЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАРҒЫ»: ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТІК НЕГІЗІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.83.4.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ХІХ ғасырдың20-жылдарында қазақ мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, дағдарысты жағдайды бастан өткерді. 1822 жылдың 22 шілдесінде орта жүз хандығын саяси статусынан айырған «Сібір қазақтарының Жарғысы», 1824 жылы кіші жүз жерінде «Орынбор қазақтарының Жарғысы» енгізілді. «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы –Ресей империясының реформаторы, бірінші Сібір комитетінің негізін қалаушы граф М.М. Сперанский еді. М.М. Сперанскийдің «Жарғыны» даярлаудағы мақсаты орта жүз қазақтарын басқаруды біржолата «жақсарту» арқылы өлкеніңжер асты және жер үсті ресурстарын империя мүддесіне орай түпкілікті заңдастыру болды. Дәстүрлі хандық биліктің орнына орыстық басқару тәртібінің енгізілуі қазақ елінің тұрмысын ауырлатты, алым-салықтар саны ұлғайып, көшіп қонатын жер аясы тарылды. Бұл халықтың наразылығын тудырды. Мақала авторлары мәселені тарихнамалық және деректемелік тұрғыдан қарастырады. Бұрын-соңды назардан тыс қалып келген империялық тарихтың жаңа қырларына, яғни, бірінші Сібір комитетінің отарлық мақсатта құрылған орган ретіндегі қызметінсыни әдістермен баяндайды. Оның қазақ жеріндегі ауыр салдарына тоқталады. Сондай-ақ, авторлар ұжымы Сібір комитетінің бекітуімен және басқаруымен өмірге келген «Сібір қазақтары жарғысының» іске асырылуы, соның салдарынан Арқада үздіксіз жүрген ұлт-азаттық көтеріліс-тер тарихнамасын және деректемесін талдауға алады. Аталған мәселе еліміздің тәуелсіздігі жылдарында ашық айтыла бастады. Соған сәйкес, Сібір комитетінің құрылған 1821-1838 ж. дейінгі қызметі, 1822 жылдан бастап Арқа даласында аталған реформаға қарсы халық наразылығының болғанын фактілік тұрғыдан көрсетеді, яғни, Арқадағы көтерілістің ерекшелігі ретінде, оның бұқаралық сипат алғаны, ұзаққа созылғаны, табанды және ұйымдасқан түрде жүргізілгендігі атап көрсетіледі.