ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2024.58.4.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар бағытында,ұлттық мүдде өткір дискуссиялық мәселеге айналып отыр және ғылыми әдебиеттерде тақырыпқа қатысты түрлі аспектідегі теориялар ұсынылып отыр. Осы ретте, қазіргі кездегі әлемдік тәртіп жағдайында, ұлттық мүдделерге қатысты теорияларға талдау жасау арқылы, тұжырымдар жасау өзектілігі мен айрықшаланады. Ұсынылып отырған мақалада ұлттық мүдделердің туындау және қалыптасу барысының теориялық-методологиялық аспектілері зерттеледі. Ұлттық мүдделер –мемлекеттердің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары мен оларды жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері ретінде анықталады.Мақаланың мақсаты –ұлттық мүдделердің қалыптасу үрдістерін, қамтамасыз ету бағыттарын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін авторлар ұлттық мүдделердің анықтамасын, олардың маңызын және түрлеріне талдау жасайды, қалыптасуына ықпал ететін факторларды анықтайды, негізгі теориялық және методологиялық тәсілдерді қарастырады,ұлттық мүдделерді жүзеге асыру механизмдерін зерттейді және олардың даму үрдістерін зерделейді. Мақалада ұсынылған гипотезалар ұлттық мүдделердің объективті және субъективті факторлардың өзара әрекеттесуіне, мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайларына тәуелді екенін көрсетеді. Ұлттық мүдделердің жүзеге асырылуы мен дамуы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы стратегиялық жоспарлар арқылыанықталады. Ұлттық мүдделердің дамуы менөзгеруі ғаламдық және аймақтық саяси жағдайларға байланысты динамикалық процесс болып табылады. Бұл зерттеу ұлттық мүдделердің қалыптасу процесін кешенді түрде түсінуге және оларды жүзеге асыруда тиімді әдістерді анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, мақалада ұлттық мүдделердің дамуындағы қиындықтар мен оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланады. Зерттеу нәтижелері ұлттық мүдделерді анықтауда және оларды жүзеге асыруда практикалық ұсыныстар жасауға негіз болады.