Өнеркәсіптік сектордағы энергия тұтынуды рационализациялау және энергия тиімділігін арттырудың теориялық тәсілдері қарастырылады.

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63034/esr-309
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу өнеркәсіптік сектордағы энергия тұтынуды рационализациялауға және энергия тиімділігін арттырудың теориялық тәсілдерін зерттеуге арналған. Өнеркәсіп саласы энергияның ең ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан, оның тиімді пайдаланылуы тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды. Зерттеуде энергияны тиімді пайдалануды оңтайландырудың түрлі теориялық негіздері, мысалы, заманауи технологияларды енгізу, энергияны басқару жүйелерін қолдану және жаңартылатын энергия көздерін насихаттау талқыланады.Сонымен қатар, мақалада энергия тиімділігін арттырудың экономикалық және экологиялық артықшылықтары, соның ішінде операциялық шығындарды азайту, парниктік газдар шығарындыларын төмендету және жаһандық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері қарастырылған. Алғашқы инвестициялардың жоғары құны мен саясат қолдауы қажеттілігі сияқты қиындықтар да талданады. Зерттеу нәтижелері теориялық тұжырымдарды практикалық шаралармен үйлестірудің маңыздылығын көрсетеді.