ӘЗ-ЖӘНІБЕКТІҢ ӘБІЛҚАЙЫР ХАНҒА ӨКПЕЛЕУІ: ТАРИХИ ОҚИҒА ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss4pp182-194
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақ хандығы тарихын зерттеушілер үшін жазба мәліметтермен қатар халықтың өз аузымен айтқан тарихының, яғни фольклорлық деректер арқылы танудың да маңызы зор. Себебі фольклор – тарихи оқиғалар мен өмір шындығына тікелей де, жанама да қатысы бар халықтық мұра. Тарихи құндылығы мен мән-маңызы тұрғысынан өзге фольклорлық туындылардан айрықша ерекшеленетін халық шығармашылығының бір түрі – аңыздар. Аңыздарда тарихта болған оқиғаның ізі әлдеқайда айқын көрінеді, тіпті, кей жағдайларда тарихи аңыздардың сюжеті тарихи құжаттардың мазмұнымен үндес келеді. Сол себепті аңыздарды, қажетті деңгейде, тарихтың бір көзі деп те қарастырылады. Қазақ халқының фольклорлық мұрасында Қазақ хандығының құрылуын мифтік кейіпкер Алаша ханмен байланыстыратын циклды аңыздарымен қатар тарихи жазба деректермен үндес келетін халық аңыздары да бар. Сондай аңыздың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» зерттеуіне тіркелген. Тарихи зерттеуге арқау болған аңыз «Әз-Жәнібектің Әбілқайыр ханға өкпелеуі» деп аталады. Аңыздың деректік сипаты Керей мен Жәнібектің Шайбан Әбілқайырдан бөлініп шығып, жеке хандық құрған тарихи тарихи оқиғаны баяндайтын жазбалардың мәліметімен сәйкес болып келеді, бірақ ол оқиғаның сюжеті фольклорлық анахронизм, тұрақты сюжет, дәстүрлі көркемдік штрихтермен көмкерілген. Сол себепті тарихи оқиғаның құнары артып, тыңдаушының тарихи білімін тереңдететін, көңіліне әсер ететін эстетикалық көркем шығарма туындаған. Сондықтан аталған шығарманы фольклорлық әдіс-тәсілдер тұрғысынан зерттеу тарихи шындық пен халықтық тарихи танымның ара-жігін аша білуге жәрдемдеседі.