Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы креативті экономиканы дамытудың бүгіні мен болашағы туралы маңызды мәселе зерттеледі, оның ел имиджін қалыптастыру және оның қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне әсері контекстіндегі маңыздылығы талданған. Осы саладағы бизнес субъектілерінің санын талдауға сүйене отырып, мақалада оны дамыту үшін стратегиялық шешімдердің де қажет екендігі айтылған. Сонымен қатар мақала креативті экономиканың даму бағытын зерттеп, оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар топтамасын қамтиды, соның ішінде Қазақстандағы креативті экономиканы дамытудың өзекті аспектілерін көрсетеді. Зерттеу бизнес субъектілерінің санын талдауды, зияткерлік еңбектің рөлін, сондай-ақ креативті экономиканың ғылыми және инновациялық процестерге әсерін қамтиды. Мақалада халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аудара отырып, творчествалық еркіндікті ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау және қолайлы инновациялық орта құру сияқты ұсыныстар ұсынылады. Сондай-ақ мақала нақты шараларды ұсына отырып және алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды қадамдарды қарастырған және Қазақстандағы креативті экономиканың даму перспективаларына кешенді көзқарас ұсынады. Қорытындылай келе, мақалада Қазақстандағы креативті индустрияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарлары талқыланады және ЖІӨ-ге салымның ұлғаюы, жұмыспен қамтудың өсуі және осы саладағы кәсіпкерліктің дамуы сияқты негізгі көрсеткіштерге талдау жасалған.