ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНА ЕНГІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.75.4.030
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тұрақты даму мәселелері қазіргі таңда ең өзекті болып отыр. Білім беру негізі тұрақты даму мақсаттарына бағытталады. Зерттеу жұмысында тұрақты даму мақсаттарының білім беру үдерісінде алатын орны мен маңызы талданған. Тұрақты дамудың негізгі мақсаттары география ғылымымен байланысты болып келеді. Жұмыста сапалы білім беру мақсатының міндеттері мен индикаторлары сипатталған. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбек терінде тұрақты даму мәселелерінің қамтылуы және тәжірибелік жұмыстарына шолу жасалынған. Тұрақты даму тұжырымдарының шетелдерде іске асырылу бағыттары қарастырылған. Зерттеу тақырыбы бойынша әдіснамалық, ғылыми, педагогикалық әдебиеттерге, халықаралық деңгейде қабылданған бағдарламалар мен құжаттарға талдау жасалды. Тұрақты даму мақсаттарының мектеп бағдарламаларында қамтылу деңгейі зерделеніп, жүзеге асыру жолдары айқындалды. Осы тұрғыда шолу жасалған дереккөздердің тұрақты даму мәселелерін зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбына қатысты өзектілігі талданды.Зерттеу жұмысында жалпы білім беретін мектептердің география оқу пәні бағдарламасының мазмұнына тұрақты даму мақсаттарының идеяларын жүзеге асырудың жолдары қарастырылған. Қазақстандағы мектеп географиясының типтік оқу бағдарламаларының мазмұнына тұрақты даму мақсаттарын қамту мүмкіндіктері тұрғысында талдау жүргізілді. Талдау материалдар кесте түрінде жинақталып, оқу үдерісінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндіктері ретінде ұсынылды.Зерттеу барысында тұрақты даму үшін білім беру мәселесін мектептердің оқу үдерісіне, соның ішінде география пәні мазмұнымен байланыстыра енгізу мүмкіндіктері туралы талдау жүргізілді. Тұрақты даму мақсаттарын мектеп географиясына «Әлеуметтік география және тұрақты даму» атты элективті курс ретінде енгізудің әдістемелік жолдары берілді.