Жоғары білім беру жүйесінде «Жалпы тіл білімін» лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы ретінде оқыту

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-247-260
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала жоғары білім беру жүйесіндегі «Жалпы тіл білімін» оқытудың өзектілігін талдауға және «Жалпы тіл білімі» пәнін лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы ретінде дәйектеуге арналған. Зерттеудегі талдау нәтижелері мен ұсынылған қорытындылар ғылыми-теориялық базаны құрайтын пәндерді оқытудың студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін қалыптастырудағы рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудың тиімді тұжырымдамасын ұсыну үшін білімнің сапасына басымдық беру қажеттілігі айқын көрініп отыр. «Жалпы тіл білімі» пәнінің білім мазмұнында лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасу, даму сатылары, кезеңдері, әдістері-тәсілдері, ғылыми парадигмалары сияқты ең маңызды ғылыми ақпараттар қамтылады. Осымен байланысты бұл пән студенттердің лингвистика бойынша ғылыми-танымдық әлеуетін арттыратын іргелі білімдер жүйесі болып табылады. Мақаланың басты мақсаты – жоғары білім беру жүйесінде «Жалпы тіл білімін» лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы ретінде оқытудың өзектілігін анықтау және осы саладағы назар аударылуы тиіс негізгі мәселелерді жүйелеу.