Сын және сыншы танымы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-184-193
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі қоғамда орын алып отырған жаһандану мен гуманизация эстетикалық-рухани саладағы құндылықтарды бағалаудың жаңа парадигмасын орнықтырды. Осы ретте ұлттық мәдениет пен әдебиетке, оның салаларына ерекше көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Сын – қоғамдық даму мен санаға, көркемдік қабылдауға әсер ететін ерекше форма. Әдеби сын – әдебиеттанудың құрамдас бөлігі ретінде, әдебиеттің тарихы және теориясымен тығыз байланысты болады. Сын сөз өнерін тануға, өмір шындығын эстетикалық тұрғыда игеру заңдылығын түсінуге бағыттайды. Сол арқылы әдеби шығармашылықтың мән-маңызы ашылады. Әдеби сын әдеби үдерістің дамуын бағалап, көркем туындыны бүгінгі күн тұрғысынан саралайды. Әдеби-көркем дүниенің идеялық-эстетикалық сапасын бағдарлай отырып, сын оның нақты кезеңдегі даму деңгейін айқындайды. Осы тұрғыдан келгенде сынның да даму, кемелдену сатысы болған. Әдеби сынның тарихи тамырын аңдағанда, оның тереңде екеніне көз жеткіземіз. Сынның объективтілігі мен көркем-эстетикалық бағалауы әдебиет пен өнердің төмендеуін болдырмауға ықпал етеді. Сын жанры өткір, сарабдал сыншыны қажет етеді. Сынның дамуында танылған тұлғалардың бірі – Т.Кәкішұлы. Зерттеушінің сын саласындағы еңбектері осы жанрға қосқан ерекше үлесін байқатады.