Оқушылардың монологтік сөз мәдениетін дамытуда подкаст әдісінің тиімділігі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-224-238
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада оқушылардың монологтік сөз мәдениетін дамытуда оқу подкасттарын қолданылу тиімділігі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық әдістердің бірі ретінде подкасттар оқу процесін интерактивті әрі қызықты ету үшін кеңінен қолданылуда. Подкасттардың білім беру үдерісіндегі артықшылықтары, атап айтқанда, ақпараттың қолжетімділігі, сөздік қорды байыту және тілдік дағдыларды дамыту мүмкіндіктері талданады. Оқу подкасттары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың сөйлеу мәдениетін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға оң әсер етеді. Бұл мақала педагогтарға подкасттарды оқу процесінде тиімді қолданудың жолдарын ұсыну арқылы қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған. Мақаланың басты мақсаты – білім беру подкасттары арқылы оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытудың ғылыми негізделген және эксперименталды түрде дәлелденген әдістемелік жүйесін ұсыну. Сонымен қатар подкасттардың оқу процесіндегі рөлі анықталып, оларды білім беруде қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі талданады. Мақалада подкаст әдісінің оқушылардың мәтіндерді түсіну, талдау және интерпретациялау қабілетіне әсері зерделенеді. Оқу процесінде подкасттарды қолдану оқушылардың тілдік дағдылары мен сөйлеу мәдениетін дамытуға қалай ықпал ететіні анықталады. Зерттеу жұмысының мақсатына сай білім беру процесінде білім беру подкасттарын тиімді пайдалану жолдары анықталып, педагогикалық тәжірибеде оның мүмкіндіктеріне баға беріледі. Зерттеу барысында алынған деректер мен талдау нәтижелері негізінде подкасттарды оқу процесіне интеграциялаудың артықшылықтары жан-жақты талданады.