Аңдатпа
Мақалада географиялық білім беруде агроөнеркәсіп кешендерінің экономикалық аспектілерін оқытудың рөлі, оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерін дамытудағы маңызы қарастырылады. Агроөнеркәсіп кешендері аймақтық, ғаламдық экономикалық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды сала болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені – экономиканы дамытудың маңызды саласы ретінде қарастырылып, бағаланып, экономикалық байланыстарды, аймақтық даму ерекшеліктерін түсінуге ықпал етеді. Білім тіректері оқушыларды өңірлердің экономикалық ерекшеліктерін бағалап, ресурстарды тиімді пайдалануға және әлеуметтік-экономикалық дамудың әлемдік мәселелеріне назар аударуға үйретеді. Агроөнеркәсіп кешендерінің экономикалық аспектілері негізінде оқушылардың бойындағы бірнеше дағдыларын дамытуға бағытталған. Экономиканың өзара тәуелділігі туралы ақпарат беріліп, оқушылардың экономикалық үдерістерін бағалау мәдениетін қалыптастыру. Агроөнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру барысында оқушылар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушыларға агроөнеркәсіп саласының өзектілігімен таныстыру негізінде аналитикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, экономикалық қатынастарды түсінуге және оларды бағалауға үйрету. Зерттеуде оқыту әдістерінің тиімділігін анықтау үшін әдебиеттерге шолу, эксперименттік талдау сияқты әдістер қолданылды. Мақала мазмұны география пәнін оқыту мазмұнын байытып, оқушылардың экономикалық сауаттылығын артырып, жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған тұжырымдарды ұсынады. Кілтті сөздер. Агроөнеркәсіп, жаһандық құзыреттілік, экономикалық сауаттылық, сын тұрғысынан ойлау, агроөнеркәсіп кешендері, жаһандық трендттер, экономикалық жүйе