ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ АЛЫНҒАН БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДӘЛЕЛДЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6181.2024.78.4.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Құқықтық саланы цифрландыру дәуірінде қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылатын дәлелдемелердің мазмұны мен іс жүргізу маңыздылығына әсер еткен елеулі өзгерістері объективті түрде орын алды. Қылмыстықістер бойынша дәлелдемелерді жинаудың, бекітудың және пайдаланудың дәстүрлі әдістері өзекті болып қала бергенімен, жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған бейнематериалдар түріндегі дәлелдемелерді пайдалану ережелерін нақтылау қажет. Жасырын жолмен алынған бейнематериалдарды қылмыстық іс материалдарына енгізу тәртібін реттеу жеткіліксіз. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде бейнежазба тергеу әрекеттері хаттамаларына қосымша ретінде тіркеледі, оны жасырын тергеу әрекеттеріне қолдануға жол берілмейді. Қолданылған зерттеу әдістері: құқықтық нормалардың салыстырмалы құқықтық, логикалық-құқықтық, аналитикалық, доктриналдық және лексикалық түсіндірмесі, құқықтық мәселенің бірлігі мен оның процессуалдық нысаны контекстіндегі жеке іздену әдістері.Пайдаланылған материалдар: Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген қылмыстық процестік құқық саласындағы жеке басылымдар, жалпы және арнайы құқықтық әдебиеттер, нормативтік құқықтықактілер, қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, зерттелетін мәселелер шеңбері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары. Зерттеудің негізгі нәтижелері: жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған фактілер туралы бейнематериалдар тәуелсіз ақпарат көздері ретінде танылу қажеттілігі.