ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылы тағдырының поэзиядағы көрінісі (Есенғали Раушанов поэзиясы мысалында)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-132-143
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кеңестік саясаттың кесірінен қазақ халқы салдары ғасырға жалғасқан үлкен трагедияға тап болғаны аян. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ұлтының көзі ашық, алдыңғы қатарлы азаматтарын «халық жауы» деген жалған, дәйексіз жаламен жазалаған, қазақ даласын үркіншілікке ұшыратқан кеңес билігінің содыр саясаты халық санасында өшпестей болып таңбаланып қалды. Ел тарихындағы осындай қасіретті кезең көркем әдебиет туындыларына үздіксіз арқау болып келеді. Бұл тақырыпта роман, повесть, поэма, драмалық туындылар жазылды. Сондай туындылардың қатарында қазақтың классик ақыны Есенғали Раушанов поэзиясын атауға болады. Мақалада ақынның туындылары нысанға алынып, «Қазақ ауылы» атты цикл өлеңі мен «Аспанға көшіп кеткен ел» поэмасындағы ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылы тағдырының суреттелуі зерделенді. Ақын поэзиясында қазақ елінің осы қасіретті кезеңдегі тағдыры қалай бейнеленді, елдің мұңы мен қайғысын ақын қалай танытты деген сауалдарға талдаулар арқылы жауап берілді. Ақ әскер мен қызыл әскердің талауы мен содырлығына кезек ұшыраған қазақ ауылының ауыр халі тарихи шындық пен көркем шындық үйлесімінде қарастырылды. Тақырыпты зерделеу мақсатында, салыстыру, даралау және жинақтау әдістері қолданылды. Зерттеу талабына сәйкес тиісінше ой тұжырымдалып, қорытындылар жасалды.