Орта ғасырдағы азия ғалымдарының қолданбалы геометрия саласы терминдерінің дамуына қосқан үлесі

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-70-77
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кез келген ғылымның даму тарихымен танысу оны зерттейтін барлық мамандар үшін маңызды танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Қолданбалы (сызба) геометрияның ғылым ретінде пайда болуы мен даму тарихына назар аудара отырып оның қалыптасу негіздеріне жүгіну керек. Қолданбалы геометрия терминдерінің ғылыми жетістіктерінің қарқынды дамуы өткен ғасырлардағы ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың нәтижесі болып табылады. Қолданбалы геометрия саласындағы терминдердің пайда болуы өткендегі егжей-тегжейлі зерттеулерге негізделеді. Бұндай терминдер туралы тарихи мәліметтер көбінесе еуропалық ғалымдардың еңбектерін сипаттаумен шектеліп келді. Кейде Шығыс ғалымдарының көптеген еңгізген терминдері Батыс ғалымдарына әділетсіз жатқызылады немесе кездейсоқ айтылады. Бұл мақала әл-Фараби, Мұхаммед әл-Хорезми, Омар Хайям, Әбу-р-Райхан әл-Бируни және Орта Азияның басқа да ғалымдарының геометриялық терминдері мұраларының елеулі үлестерін шолуға арналған. Сондай-ақ, белгілі ойшылдар мен ғалымдардың еңбектерінде қолданылған геометриялық терминдердің мән-мағынасын анықтауға бағытталған. Авторлар бұл зерттеуде сызба геометрия ғылымының пайда болуын Гаспар Монждың «Сызба геометрия» кітабына дейін ортағасырлық ғалымдардың еңбектеріндегі жаңадан енгізген терминдерді барынша толық көрсетуді мақсат етіп қойды. Сонымен қатар мақалада қолданбалы (сызба) геометрия терминдерінің қазіргі уақыттағы орны көрсетілген. Қолданбалы (сызба) геометрияның ғылым ретінде пайда болу тарихы қарастырылды. Одан басқа ұлы ойшылдардың берген негізгі геометриялық терминдердің анықтамалары ерекшеленген.