Мәмлүк қыпшақтары тілінде жазылған жазба ескерткіштер және «Байтарату’л-вазих» қолжазбасының маңызы

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-45-60
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада орта ғасырлық мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштер қарастырылып, соның ішінде «Байтарату’л-вазих» ескерткішіне байланысты мәселелер талданады. Қыпшақ жазба ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын зерттеу, олардың арасындағы тарихи-генетикалық байланыс пен тарихи даму арналарын анықтауға мүмкіндік туғызады. Мақалада атбегілік пен жылқыға байланысты, әскери өнерге қатысты «Китаб фи рийазати-л-хайл» және «Китаб байтарату-л-вазих», «Муният-ул-гузат», «Китаб фи ғылым ән-нушшаб» атты жазба ескерткіштерге талдау жасалынды. Соның ішінде «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішінің ерекшелігі анықталды. «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткіші – атбегілік пен жылқыға байланысты ветеринарлық қызмет туралы еңбек. «Байтарату’л-Вазих» қолжазбасы – ветеринария саласындағы аса маңызды еңбек ретінде қыпшақ тілінің ғылыми лексикасының дамуын, сондай-ақ ортағасырлық қыпшақтардың мәдени-рухани және әлеуметтік өмірін зерттеуге мүмкіндік туғызатын ақпараттардың жиынтығы. Мақалада бұл қолжазбаның құрылымы, мазмұны, тілі және тарихи мәні талданады, сонымен қатар оның қазіргі тіл ғылымы мен мәдениеттану салалары үшін маңызы қарастырылады. Орта ғасырлық құнды жазба ескерткіштерді зерттеп, оларға лингвистикалық, тарихи тұрғыдан талдаулар жасаудың қазақ ғылымы үшін маңызы үлкен. Мәмлүк қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштерді ғылыми айналымға түсіріп, олардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу бүгінгі таңда қазақ тіл білімі ғылымы үшін үлкен міндеттерді алға тартуда. Мақаланың басты мақсаты – мәмлүк қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырлық жазба ескерткіштердің қазақ халқы үшін маңыздылығы мен олардың қазақ халқы ғылымы мен мәдениеті үшін орнын айқындау және «Байтарату’л-вазих» атты еңбектің басты ерекшелігін анықтау.