Сот-психологиялық сараптамасының теориялық және құқықтық мәселелері

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2024-149-4-84-96
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы сот-психологиялық сараптамасының теориялық және құқықтық сұрақтары мен заңнамалық тұрғыдан реттелу мәселелеріне арналған. Сот-психологиялық сараптама психологтарды заң практикасына тартудың негізгі нысаны болып табылады. Оларға тергеу органдарының өкілдері тарапынан жүгінудің объективті де, субъективті де себептері бар. Біріншіден, сот-психологиялық сараптаманың мәліметтері дәлелдемелердің қайнар көздерінің бірі болып табылады және шындықты анықтауға қызмет етеді. Екінші жағынан, сараптама деректерінің болуы тергеушіге қателіктің ықтималдығын азайтуға мүмкіндік жасап, мәселені шешуге сенімділік береді. Мақаланың мақсаты қылмыстық сот ісін жүргізуде сот-психологиялық сараптама жүргізудің кейбір теориялық, құқықтық, ұйымдастырушылық мәселелерін талдау және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық сот процесін жүргізуді жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеуде негізге алу. Мақала барысында сот-психологиялық сараптаманың түсінігі, мәні, пәні мен объектілері қарастырылып және сот-психологиялық сараптаманы қылмыстық сот ісін жүргізуде тағайындаудың құқықтық мәселелері тұжырымдалды. ҚР Қылмыстық сот ісін жүргізуде сот-психологиялық сараптаманың әдіснамалық қасиеттері мен сипаттамаларын айқындау саласында елеулі келіспеушіліктер бар. Қылмыстық құқық теориясында әзірленген құқықтық-техникалық және психологиялық-техникалық талаптар қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды нақты практикалық іске асырмай пайда келтіре алмайды.