Болашақ педагогтардың психологиялық денсаулығының қажеттілік- мотивациялық компонентінің ерекшеліктері

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024ped4/72-81
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жоғары мектептің білім беру үдерісінде болашақ педагогтардың психологиялық денсаулығығының көрінісінің бірі ретінде өзін-өзі дамыту қажеттілігінің өзектілігі көрсетілген. Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім беруді дамыту қағидасының мазмұнына енгізілген өзгерістер негізге алынды. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасау негізінде психологиялық денсаулық түсінігіне сипаттама жан-жақты берілген. Психологиялық денсаулық пен психикалық денсаулық түсініктерінің айырмашылығы көрсетілген. Авторлар қағидалардың негізінде психологиялық денсаулықтың бірнеше компоненті жайлы айтады. Жоғары мектептің білім беру кеңістігінде болашақ педагогтардың маман ретінде қалыптасуында көрініс беретін, психологиялық денсаулықтың мотивациялық-қажеттілік компонентінің мазмұны сипатталған. Аталмыш компоненттің маңыздылығы, авторлардың көзқарастарына сәйкес теориялық тұрғыда талданған. Білім алушылардың психологиялық денсаулық ерекшеліктерін эксперименталдық тұрғыда зерттей отырып, оны дамыту факторлары мен психологиялық шарттары анықталған. Мақалада психологиялық денсаулықтың бір компоненті, университеттің білім беру жүйесінде болашақ педагогтардың бойында көрінуі тұрғысынан сипатталған. Тақырыптың мазмұнын тәжірибелік тұрғыда ашу мақсатында педагогикалық бағыттағы әртүрлі білім беру бағдарламаларының 2-курс білім алушыларының, «психологиялық денсаулық» феноменінің мотивациялық-қажеттілік компонентін зерттеу нәтижелері берілген. Білім алушылардың бойындағы жетістік және сәтсіздік мотивациялары зерттелген. Зерттеу әдісі ретінде А.А. Реанның «Жетістік және сәтсіздіктен қорқу мотивациясы» сауалнамасы қолданылған. Алынған нәтижелердің негізінде болашақ педагогтардың психологиялық денсаулығының мотивациялық өрісін дамытуға бағытталатын психологиялық-педагогикалық шарттар кешенін енгізу ұсынылады. Алынған нәтижелердің негізінде, білім алушылардың дамуы мен қалыптасуына қажетті маңызды жаңашылдықтарды енгізу туралы көрсетілген.