А.М.ХАЗАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.24.v75.i4.05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әлемдік археология тарихнамасында сармат мәдениетін зерделеу жаңа әрі тың деректермен толығып, оған қатысты деректемелік қор ұлғайып келеді. Мұның өзі бұрын ғалымдар тарапынан алуан түрлі мәселелерге қатысты айтылған ой-пікірлермен жаңаша дереккөздерінің қаншалықты қабысатындығын қарастырудың маңызын арттырып отыр. Осы тұрғыдан келгенде археология ғылымымен айналысатын ғалымдардың еңбектерін бір ізге түсіре отырып жүйелеу мен жалпылау, олардың ойлары мен тұжырымдамаларын зерделеу, тарихи-сараптамалық талдау жасау бүгінгі күні өзекті мәселелер қатарына еніп отыр. Осыған орай мақала авторлары тарапынан сармат мәдениетін зерттеу ісіне қомақты үлес қосқан тарих ғылымдарының докторы, белгілі тарихшы, тарихи антропология мен ұжымдық жадыны зерттеуші А.М.Хазанов ғылыми мұрасына кеңінен назар аударылды. Айта кету керек, ғалымның зерттеу аймағына Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Еуропа және Иран аумағы, т.б. іргелес өңірлер кіреді. Оны әсіресе осы аймақтарда орналасқан ерте темір дәуірі ескерткіштері қатты қызықтырды. Мақала авторлары ғалымның осы мәдени-тарихи аймақтарда орын алған тарихи үдерістерге қатысты пайымдамаларын талдап, сармат мәдениетіне қатысты негізгі теориялық мәселелерді шешудегі ойлары мен тұжырымдамаларын талқыға салды да, нәтижесінде сарматтардың әскери өнері мен діни-ғұрыптық танымдарын жан-жақты деректермен қарастыру керектігін ұсынды. Мақаланың негізгі мақсаты А.М.Хазановтың сармат мәдениеті бойынша жарыққа шыққан зерттеу жұмыстарын жүйелеу болғандықтан, дәстүрлі тарихнамада пайдаланылатын басты-басты әдістер жиынтығы, сондай-ақ тұлғатану принциптері, салыстырмалы-тарихи әдіс секілді барлық ғылыми тәсілдер кеңінен қолданылды. Алуан түрлі ғылыми әдіснама негізінде сармат мәдениетінің қалыптасып дамуы сол замандағы тарихи және табиғи-климаттық жағдайлармен, миграциялық үдерістермен тікелей байланысты екендігі нақтыланды.