Аңдатпа
«Сенім» бағдарламасы ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бағдарламадағы ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.Алма Қыраубаеваның педагогикалық еңбектері өзіндік танымдық, ағартушылық, тұрғыда жоғары бағаланды. Оқу-ағарту мен ғылымды дамыту жолында аянбай еңбек етіп, қазақ жастарының терең ойлы, айтулы азамат болып қалыптасуына ықпалын тигізген ұлағатты ұстаздардың бірі. Осындай ерен еңбектері еленіп, халық жадында мәңгі сақталған жан. Алма Қыраубаеваның «Жаным садаға» атты еңбегі – өзінің көп жылғы ұстаздық қызметінде, өмірде болған, өзі көзімен көрген шәкірттерінің арасында болған оқиғаларды көркем әсем тілмен баяндай отырып, оқыту мен тәрбиелеудегі тәрбиенің бірнеше үлгілерін ұсына отырып, болашақ жас ұрпақты алдымен отансүйгіштікке, туған жері мен туған елін қадірлеуге, ана тілін құрметтеуге, сөз өнері арқылы сапалы білім мен саналы тәрбие беретін бірден-бір еңбек деп мақтанышпен айта аламыз