Аңдатпа
Жаппай ашық онлайн курс (MOOC) – MOOC (Massive Open online course) – жаппай интерактивті қатысуы бар ашық интернет-ресурс болып табылатын қашықтықтан оқытудың бір түрі. ЖАОК-тың тән белгілері: * Жаппай-курсқа қатысушылардың көп саны (100000 қатысушыға дейін немесе одан да көп). * Ашықтық-оқу ақысын төлемей курстың қолжетімділігі (Freemium бизнес – моделі қолданылуы мүмкін – оқыту қызметін тегін пайдалану, бірақ қосымша қызметтер үшін, мысалы, курстық немесе қорытынды жұмыс туралы сараптамалық қорытынды, қателерді талдау – ақы алынады; курсты аяқтау, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ақылы сертификаттар ұсынылуы мүмкін). * Онлайн – курс асинхронды және синхронды (вебинарлар, hangout) оқыту әдістерін қолдана отырып, онлайн түрде жүзеге асырылады.