ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУБЪЕКТИВТІ ӘЛ-АУҚАТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТКЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАС

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2024.84.4.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада интернетті пайдаланудың Қазақстанның жасөспірімдерінің субъективті әл-ауқатына әсері қарастырылады. Бұл мәселе аз зерттелген тақырып болып табылады, ал бұл әлеуметтік топтың жасы ерекше қажеттіліктер мен құқықтармен сипатталатын бірегей кезеңді білдіреді. Мақалада интернетке тәуелділік деңгейі мен субъективті әл-ауқат деңгейі арасындағы корреляцияны бағалайтын зерттеуге басты назар аударылады, бұл зерттеу Қазақстанда интернетті пайдалану мен субъективті әл-ауқат арасындағы байланысты терең талдаудың алғашқы тәжірибесі болып табылады. Бұл зерттеуде пайдаланылған деректер 2021 жылы жүргізілген әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелеріне негізделген. Сауалнама онлайн форматта Google Forms арқылы өткізілді, және оған Қазақстанның барлық аймақтарынан 3321 жасөспірім қатысты. Интернетте әрекет ету мен субъективті әл-ауқат арасындағы байланыстың күрделі сипаты анықталды. Интернетте өткізілетін артық уақыт әл-ауқат деңгейін біршама төмендетуі мүмкін, ал виртуалды тәжірибенің сипаты кейбір адамдар үшін өмірге деген қанағаттанушылықты арттыруы мүмкін.