ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ САЛДАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2024.84.4.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі кезде Орталық Азияда орналасқан Қазақстан мен Қытай шекарасындағы миграциялық саясат бойынша екі ел арасындағы шешуін таппай отырған мәселелер бар. Еліміздегі жастардың жұмыс іздеуі және оқуы мақсатында көрші Қытай еліне баруының трансұлттық көші-қон саласындағы саяси салдарын зерттеу өзекті мәселе. Осы бағытта, зерттеудің мақсаты – еліміздің жастарына қатысты трансұлттық көші-қонның негізгі себептері мен салдарын анықтау. Бұл зерттеуде жастардың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері анықталды. Жастардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған зерттеулер мен шешімдерді қабылдау мақсатында жас мигранттарға қатысты мемлекеттік және жергілікті атқарушы биліктерге арналған ұсыныстар берілді. Мақала авторлары Қазақстан Қытаймен шекарасын ашқан жағдайдағы жастардың трансұлттық көші-қонының артуы белгілі бір саяси салдарға әкелетінін анықтады. Зерттеу барысында теориялық талдау әдістерімен қатар, соңғы 6 жылдағы жастар миграциясы бойынша статистикалық мәліметтер нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан жастарының Қытай еліне кетуінің негізгі себептері мен салдары анықталды. Зерттеу нәтижелерін еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын зерттеуде, жастар миграциясын зерттеушілерге қосымша материал бола алады. Сонымен қатар, зерттеу деректерін сыртқы миграция, саясаттану, әлеуметтану және жастардың көші-қон мәселелесі бойынша пайдалануға болады.