Аңдатпа
Бұл мақала Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі бойынша аймақтағы этносаралық қатынастардың дамуына әсер етуші негізгі факторларды анықтау мақсатында жазылды. Зерттеудің ерекшелігі – этносаралық қатынастардың орталықсыздандыру процесінің призмасы арқылы қарастырылуы. Бүгінгі таңда назар аударатын мәселе басқа елдерде дамыған орталықсыздандыру модельдерін қарапайым көшіруді көздейтін және қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен мәдени-тарихи ерекшеліктерді ескермейтін технократизм идеологиясы болуы мүмкін. Осыған байланысты орталықсыздандыру процесінің күшеюінен этникалық инклюзивтілік факторларының ескерілуі маңызды.