АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2023.83.3.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағытында оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель кәсіби құзыреттіліктердің игерілуіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беруде соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады; екінші кезең – іріктелген мақалаларға мазмұндық талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді анықтау және библиографиялық талдау, өзекті тақырыптарды табу; соңғы кезең – нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда зерттеушілердің түрлі зерттеу әдістерін пайдалану салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдау үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді.