ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНОДАҒЫ ТАРИХИ ЖАДТЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v102i4.682
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда мәдени бірегейлік мәселесі бұрынғыдан да өзекті және жан-жақты талдауды қажет етеді. Әлемде жаһанданудың ықпалынан көп өзгерістер орын алған сайын, қоғам сан құбылып, өзгеріске түсуде. Бұл мәдени бірегейлік тақырыбы сан қырлы және көп деңгейлі мәселе болғандықтан егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, қазіргі заманда кең етек алып отырған медиатехнологиялардың әлемді жаулап алған жағдайында өскелең ұрпақтың фильмдер мен медиа өнімдерге деген қызығушылығының артуы, өз ұлтының ерекшелігін, болмысы мен бітімін, ділі мен дінін, тілі мен тарихын тануына кедергі болып, қиындықтар тудырады. Бұл мәселенің өзектілігі жаһандану шағында ұлттық құндылықтар мен төл мәдениеттің сақталуы және дамуына түрткі болады. Бірегейлікті құру – заманауи мәдени қоғамды қалыптастыруға мол мүмкіндік беретін ұғым болғандықтан дәстүрлі құндылықтарды қайта қарастыруды және оларды жаңаша қабылдауды талап етіп, ұлттық және мәдени бірегейліктің бұрмаланбауына, әлсіремеуіне тиянақты еңбек етеді. Бұл мақаланың мақсаты – «тарихи жады» түсінігін пайдалану негізінде қазақ киносының даму контекстіндегі мәдени бірегейлікті ашу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін авторлар постколониалдық дискурстағы тарихи жад, мәдени жад пен тарихи жарақат ұғымдары арқылы қазақстандық кинодағы мәдени бірегейлік бейнесін анықтау міндетін алға қояды. Келесісі – фильмдегі кино тілінің бірегейлікті насихаттаудағы негізгі рөлін саралау. Ғылыми жаңалығы – тарихи жадыны жаңғырту мәселелерін тұжырымдау арқылы қазақ киносындағы мәдени бірегейлікті негіздеп және тарихи жадтың бірегейлікті құрудағы шешуші рөлі дәлелденеді. Авторлар мәдени бірегейлік бейнесін көрсетуде мәдени талдау, өнертанушылық-кинотанушылық тәсілдерін қолданып, қазақстандық кинодағы мәдени бірегейліктің маңызды орнын анықтап береді.