ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАҒДАЙЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2024/iss3pp68-75
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазіргі білім беру үдерісіндегі интеграциялай оқытудың жағдайын зерттеуге арналған. Оқытуды интеграциялау білімгерлердің жан-жақты дамуына, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланысты дамытуға бағытталған тиімді әдіс ретінде қарастырылды. Жұмыста интеграциялай оқытудың тарихи аспектілері, оның ғылыми анықтамалары, сонымен қатар, оқу тәжірибесіне, атап айтқанда қазақ педагогикасы контекстінде жүзеге асыру мысалдары талданды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ педагогтарының оқытудағы интеграциялық көзқарасты дамытуға қосқан үлесі туралы айтылды. Нәтижесінде, мақалада бұл оқыту технологиясының тиімділігі мен оның заманауи білім беру жағдайында оқушылардың ғылыми тұрғыдан әлеуетін арттырудағы маңыздылығы атап өтілді.