МОМАҚАН ӘЛИЕВТІҢ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНА ТАЛДАУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v102i4.468
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы ислам мәдениетінің XX ғасырдың бас кезеңіндегі жарық көрмеген жаңа материалдардың үлкен корпусы ғылыми айналымға енгізілген. Қазақстанның бүгінгі Көкшетау өңірінде өмір сүрген дін қайраткері Момақан Әлиевтің қолжазбалары мен жеке қорында сақталып қалған араб жазулы мұраларына талдау жасалынды. Зерттеудің мақсаты және негізгі бағыттары мен идеялары - қоғам және рухани қайраткер, тарихшы, жазушы, ақын, рухани лидер Момақан Әлиев мұрағаты, кітапханасы және шығармаларын ғылыми айналымға енгізу. Қазақстан Республикасының жаңа зияткерлік дін тарихында осындай маңызды орынға ие тұлғаның шығармашылығы мен қызметі туралы нақты әрі тікелей қолжазбаларына талдаулар жасалынды. Зерттеу барысында көмекші тарихи пәндер - эвристика, шығыс қолжазбаларының палеографиясы мен кодикология, дипломатика, генеалогия мен дінтанулық зерттеу әдістері мен тәсілдері пайдаланылды. Еңбекте Момақан Әлиевтің негізгі 3 қолжазбасының сипаттамасы, қолданған материалдары, жазу стилі мен ерекшеліктері мен жазу мақсаты айқындалды. Мақала Әлиев мұрағатының және қолжазбаларының ғылыми айналымға енуіне, виртуалды каталогын зерттеушілер үшін оған қол жеткізуді жеңілдетуге, қолжазба материалдарының ішіндегі мәліметтерді өзге ғылыми еңбектермен салыстыруға қызмет етеді. Бұл еңбек Қазақстандағы дінтану саласының әсіресе ислам өркениетіне Қазақстан аумағынан шыққан ғалым ғұламалардың қосқан үлесін анықтау және ортаға қою тұрғысынан пайдалы. Сонымен қатар Қазақстан аумағында кеңестік кезеңде қалыптасқан діни мектептердің арасындағы айырмашылықты және мемелекет жүргізген дін саясатына тікелей дін өкілдерінің көзқарастарынан қарауға мүмкіндік ұсынады. Бүгінгі таңдағы діни білім және ғылым саласының дамуына және тереңірек зерттелуіне үлес қосары да анық Қазақстандағы ислам мәдениетін, бірінші деңгейлі яғни қолжазба деректерден зерттеу жұмыстарын жеңілдетері сөзсіз.