М.ҒАБДУЛЛИННІҢ «АТА-АНАЛАРҒА ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ КЕҢЕС» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/pedagogical/2024/iss2pp71-77
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада М. Ғабдуллиннің «Ата - аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегі зерттеу нысанына алынған. Ұлттық тәрбиенің мәні мен маңызы қарастырылады. Қазақ және әлемнің басқа да халықтарының бесік жыры бойынша егжей-тегжейлі талдау жасалады. Дәстүрлі мәдениеттегі тәрбиенің алтын өзегі «Бесік жырында» жатқанын М.Ғабдуллин баса көрсеткені, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі аясында қазақ эпостарының мәні айтылды. М.Ғабдуллин бесік жырының өміртанушылық, танымдық қасиеттерін баса көрсетеді. Себебі бесік жырында баланың болашақ кәсібі де, ана тілегі арқылы көрініс табатындығы талданған. Бүгінгі бала тәрбиесіндегі ата-аналардың орны өте маңызды екеніне баса тоқталады. Жастарды тәрбиелеу ісі мектептің, ондағы қоғамдық ұйымдардың ғана міндеті емес, бұл ата-аналардың да міндеті екеніне де қарастырған. Сондай-ақ, мақалада бұл жұмыс басқа ғылыми еңбектермен салыстырылады.