Аңдатпа
Мақалада Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі құндылықтар көрінісі, өміршеңдік сыры, заманауи балалардың тәлім-тәрбиесіндегі орны, маңызын жоймау қырлары қарастырылды. Ұлы ағартушының шығармашылық болмысы жөнінде ой қорыта отырып, шығармаларындағы ұлттық мұрат, еңбек, білім, руханият құндылықтар сөз болды. Ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығы ұлы ағартушы шығармашылығымен сабақтасып жатқандығы сөз болды. Өлеңдері, әңгімелерінің заманауи мәні қарастырылды. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің жас ұрпақтың тәрбиесіне сапалы жол ашатындығы талданды. Жазушы бала санасына, танымына ықпал етерлік мәні зор еңбектерді мәңгілік, өміршең мұра етіп қалдырғандығы дәйектелді. Жазушының еңбектеріндегі құндылықтарды жаңа технологиямен оқытудың жолдары көрсетілді.