Аңдатпа
Мақалада болашақ педагог-психологтардың қазіргі өмірдегі жаһандық құзыреттілік бағыттары, жеке тұлғаны тәрбиелеудегі құндылықтардың маңыздылығы туралы білім беру дереккөздерін талдау. Педагогикалық-психологиялық ортаны талдай отырып, жаңашыл, құзыреттілік іс-әрекетін қалыптастырудағы ғалымдардың еңбектеріне шолу және сонымен қатар жеке тұлғаның танымдық, шығармашылық, қабілеттерін дағдыландыру, іргелі ұстанымдарын дамыту, білім беру жүйесінің басты мақсатына сүйене отырып болашақ мамандарды бәсекеге қабілетті етіп дайындауға бағытталған. Болашақ педагог-психологтардың және олардың іс-әрекет барысында көрініс тапқан әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық маңызды жүйесіне байланысты негізгі мәселелері көрсетілген. Болашақ мамандардың ізденімпаздылығы мен жаңашыл құндылықтарын ынталандыруға бағытталған жаһандық шындық, білім беру, құзыреттілік деңгейі ортасында қарқынды енгізілуі. «Құзыреттілік» және «Жаһандық құзыреттілік» терминдерінің мәні ашылып, болашақ педагог-психологтың негізгі жаңашыл ортадағы маңызды іс-әрекеттері ретінде қарастырылады.