«Қазақ» сөзінің «Бабырнамадағы» семантикасы

Turkic Studies Journal, 2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2024-4-90-115
Деректер сенімділігі 85 жоғары
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Этноним – этникалық топтың өзін-өзі анықтауының маңызды элементі. Этнонимдер саяси, әлеуметтік және мәдени ортадағы өзгерістерді көрсететін күрделі семантикалық тарихқа ие болуы мүмкін. Бұл аспектіні зерттеу әртүрлі этникалық топтар арасындағы қарым-қатынастардың эволюциясын түсінуге және олардың өзара әрекеттесуіндегі үрдістерді анықтауға көмектеседі. Қазақ сөзі тіркелген орта ғасырлық жазба ескерткіштердің бірі – Захираддин Мұхаммед Бабырдың қаламынан шыққан «Vaqayi`» еңбегі. Бабыр – барлас тайпасынан шыққан танымал қолбасшы, саясаткер, жазушы, Ауғанстан мен Үндістан билеушісі, Бабыр әулеті империясының негізін қалаушы. «Бабырнама» деп ғылымда аталып жүрген жазбада қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Үндістан аумақтарында болған тарихи оқиғалар түркітілді автордың ой елегінен өтіп баяндалады. Бұл мақалада орта ғасырларда шағатай түрки тілінде жазылған өмірбаянда тіркелген қазақ, қазақлық, қазақана сөздерінің семантикасы, қолданылу сипаты қарастырылады. Тілдік талдау барысында тілдік, тарихи-мәдени контекске баса назар аударылған. Тілдік деректерді талдау нәтижесінде анықталған мағыналар: қазақ – «қазақ елі мен ұлт атауы», «батыл», «батыр», «барлаушы», «қарақшы»; қазақлық – «саяси тұрақсыздық кезінде билеушінің өз жұртымен түзге шыққандағы күйі, іс-әрекеттер кешені (әскери шапқыншылық, барымта, қарақшылық т.б.)», қазақана – «қарапайым». «Бабырнамада» қолданылған мағыналар қазақ ұлтының аталуына негіз болды деген пікір ұсынылады. Сондай-ақ, қазақ – қарақ – алаш лексемаларындағы тілдік байланыс қарастырылады. Авторлар Захираддин Мұхаммед Бабыр өз өмірбаянында қазақ сөзінің көпмағыналығын шебер қолданған деген қорытындыға келеді.