«КОМПЛЕКС САН» ТАҚЫРЫБЫН БАЯНДАУДЫҢ БІР ӘДІСТЕМЕСІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.87.3.007
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жоғары оқу орнында оқытылатын математиканың көптеген салаларын меңгеруде комплекс сандардың қолданылуы бұл тақырыптың студенттерге мейлінше жетімді түрде баяндалуының өзектілігінкөрсетеді. Ұсынылғанмақалада авторлар жоғары оқу орнының оқытушыларына «Комплекс сан» тақырыбын білім алушыларға баяндаудың бір әдісін ұсынып, өз пікірлерімен бөліседі. Тақырыпты баяндау, нақты сандар жиынында шешуі болмайтын есептің мысалын келтіру арқылы, есептің шешімдерін іздеу облысын, тек нақты сандар өсінің нүктелерінің жиынымен ғана шектемей, тым болмаса декарттық жазықтықтың нүктелерінің, яғни нақты сандардың реттелінген жұптарының жиынына дейін кеңейтудің қажеттілігін негіздеумен басталады. Сонан соң,нақты сандардың реттелінген жұптарының жиынына нақты сандар жиынына тән қатынастардың тек қосу, көбейту және теңдік қатынастарын ғана енгізуге болатынын көрсету арқылы, нақты сандардың реттелінген жұптарының жиынын нақты сандардан өзгеше сандар жиыны ретінде қарастырудың және оны, комплекс сандар жиыны деп атаудың қисынды болатыны негізделінеді. Одан кейін, комплекс сандар жиынын нақты сандар жиынының шынымен де кеңейтуі болатыны негізделінеді. Ол үшінкомплекс сандар жиынының абсциссалар өсіне тиісті сандарынан тұратын ішкі жиынын, оған нақты сандар жиынына тән барлық қатынастарды енгізуге болатын жиын, яғни оны нақты сандар жиыны ретінде қабылдауғаболатын жиын екені көрсетіледі. Кейіннен ординаталар өсі де, абсциссалар өсі тәрізді нақты сандар өсі болғанымен, комплекс сандар жиынының осы өске тиісті сандарынын тұратын ішкі жиыны нақты сандар жиыны ретінде қабылдауға болмайтыны жиын жәнеоның нақты санмен жорамал бірліктің көбейтіндісі түрінде өрнектелінетін таза жорамал сандар жиыны болып табылатыны негізделінеді. Ақырында, жоғарыда келтірілген негіздемелер негізінде комплекс санның нақты сандар мен жорамал бірліктен тұратын алгебралық түріндежазылуы қорытып шығарылады. Авторлар тақырыпты осылайша бірізді сипаттау желісімен баяндауды, тақырыптың материалдарының толық меңгеруілінуіне зор ықпалын тигізеді деген оймен ұсынады