СТУДЕНТТЕРДІҢ СТРЕСС ЖАҒДАЙЛАРЫНБАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ПАТЕНТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.87.3.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Заттар интернеті (IoT) интернет эволюциясының жаңа парадигмасы мен келесі сатысын білдіретін өзарабайланысты құрылғылардың өзара әрекеттесуінің негізгі платформасына айналды. Оның маңыздылығы әсіресе денсаулық сақтауда байқалады, мұнда IoT медициналық қызметтерді бақылау сияқты тапсырмаларда қолданылады. Бірнеше құрылғыларда жиналатын мәліметтердің көмегімен талдау жүргізу арқылы кейбір аурулардың дамуын бақылауға болады. Заманауи тиімді бағыттардың бірі, ол киілетін сенсорлар және IoT технологиялары арқылы стрессті бақылау. Бұл адамныңәл-ауқатын айтарлықтай жақсартып, денсаулықты алдын ала басқаруды жетілдіреді. Медициналық мамандар ауруларды үнемді бақылау үшін аккумуляторлық киілетін құрылғылар мен сымсыз байланыс жүйелерін пайдалана отырып, сенімді жүйелерді қолдануда. Үйде және адам денесінде орналасқан желіге қосылған сенсорлар көмегімен емделушінің денсаулық жағдайын бағалау үшін қажеттімаңызды мәліметтерді жинайды. Машиналық оқыту әдістерінің және озық технологиялардың интеграциясы негізінде стресс деңгейіне байланысты мәселелерді зерттеуге және шешуге үлкен қызығушылықтуғызуда. Адамның физиологиялық көрсеткіштеріне психологиялық стресс елеулі әсер етіп, жағымсыз салдарға нәтижеге жақындауы мүмкін, кей кезде қымбат емдеу қажет болады. Стресстің өткір деңгейі, әсіресе шекаралық тұлғалық бұзылуы немесе шизофрения диагнозы қойылған адамдар үшін, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Бұл мақалада денсаулық сақтаудағы киілетін IoT құрылғыларынақатысты әдебиеттерге жүйелі шолу жасалған. Шолу жарияланымдарды тиісті кілт сөздер бойынша іздеуден және оларды өзектілігі мен жарияланған күніне қарай реттеуден басталады. Мақалада ауруларды анықтау, бақылау және емдеуге арналған киілетін құрылғыларды қолдану және олардың архитектурасы талқыланған. Сонымен қатар, болашақ зерттеулердің келешегі айқындалған.Түйін сөздер:денсаулық сақтау, IOT -қа негізделген,заттар интернеті, сенсор, стресс (күйзеліс).