Аңдатпа
Жаһандану және халықаралық интеграция экономиканың басқа салалары сияқты әлемдік көліктің дамуына әсер етті. Әлемнің әртүрлі елдерінің көлік жүйелеріне ұсынылған салыстырмалы талдау отандық көлік-логистикалық саланы дамыту мақсатында шетелдік тәжірибені енгізу үшін қазақстандық көлік жүйесімен ұқсас және ерекшелігін анықтай алады. Мақалада Еуропаның, Азияның, Солтүстік Американың көлік инфрақұрылымына талдау жасалды, халықаралық көлік дәліздерінің дамуы ұсынылды, Қытай, АҚШ мен Германия көлік дәліздерінің қазіргі жағдайы көрсетілді. Біріккен көлік жүйесі арқылы өтетін көлік дәліздерін зерттеу жүйенің ашықтығы, жүк айналымының көлемі және жүйенің көліктің қандай да бір түріне тартылуы туралы түсінік қалыптастырады. Халықаралық көлік дәліздерін дамыту тәжірибесін зерделеу біріккен көлік жүйелері шеңберінде көлік құралдарын талдау және көлікті басқару үшін қызығушылық тудырады. Біріккен көлік жүйесі арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздер (ХКД) зерттеуі жүйенің ашықтығы, жүк айналымының көлемі және жүйенің көліктің қандай да бір түріне тартылуы туралы түсінік қалыптастырады.