БҰЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МАҢЫЗДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ ІШКІ ҚАУІПТЕРДІ АНЫҚТАУ ҮШІН БАЙЕС ЖЕЛІСІН ҚОЛДАНУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2024-134-5-456-464
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ішкі шабуылдар компаниялар мен ұйымдар үшін, соның ішінде маңызды компьютерлік жүйелерді (МКЖ) пайдаланатындар үшін үнемі өсіп келе жатқан қауіп екені дәлелденді. Себебі, МКЖ-ге заңды қол жетімділігі бар алаяқтар және/немесе инсайдерлер, соның ішінде олардың бизнес-процестерінде қолданылатын бұлттық қызметтер (БҚ) және киберқауіпсіздік саясаты туралы ақпараты бар қызметкерлер анықтаудан аулақ бола алады (яғни, қашып құтылады). Қазіргі уақыттағы IDS/IPS, DLP, SIEM, ACS және тағы басқалары сияқты ішкі киберқауіпсіздікті бұзушыларды анықтауға арналған техникалық құралдардың кең арсеналына қарамастан, компаниялар мен ұйымдар әлі де күрделі ішкі шабуылдарды, соның ішінде инсайдерлік шабуылдарды анықтауға, ұстауға және азайтуға дайын емес, өйткені олардың киберқауіпсіздік (КҚ) әдістері негізінен сыртқы қауіптерге бейімделген. Осы жұмыста ішкі құқық бұзушыларды анықтау үшін МКЖ-дің қауіпсіздік қызметіне пайдалы болуы мүмкін Байес желісінің (БЖ) моделі ұсынылып отыр. Бұл модель ұқсас шешімдерден ерекшелігі БҚ-ді пайдаланатын компаниялардағы басшылық лауазымдардағы тұлғалардың алаяқтық қаупін ескереді, сонымен қатар МКЖ-мен жұмыс істеу кезінде қызметкер қалдырған цифрлық іздерді қамтиды. Ұсынылған БЖ моделінің бағдарламалық шешімі жасалды, ол синтетикалық деректер жиынтығында сыналып өзінің жұмыс қабілеттілігін көрсетті, бұл оны компаниялардың және/немесе ұйымдардың КҚ құрылымына енгізуге жарамды деп санауға мүмкіндік береді.