Аңдатпа
Мақалада IoT жүйелерінде ақпаратты қорғауды ұйымдастыру мен технологияларын зерттеу мәселелері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – IoT жүйелерінің негіздері мен осалдықтарын анықтау, олардың жұмыс принциптерін талдау және ақпаратты қорғау технологияларын ұсыну. IoT жүйелерінің негіздері мен осалдықтары, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың негізгі принциптері қарастырылады. Сонымен қатар IoT жүйелерінде ақпаратты қорғаудың нақты мысалдары, қолданыстағы шешімдердің талдауы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді. Алынған нәтижелер бойынша IoT жүйелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді тәсіл ұсынылды.