Аңдатпа
Бұл мақалада темір жол бекеттерінде және аралықтарда қолданылатын ЭО-ТМ тасымалданатын модульдердің электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылған. Темір жол бекеттері мен аралықтарда тасымалданатын ЭО-ТМ модульдерін жобалау және орнату кезінде техникалық қызмет көрсетуші қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін, сонымен қатар пойыздар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін темір жол автоматика және телемеханика құралдары мен құрылғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ЭО-ТМ тасымалданатын модульдерінің жерге тұйықтау коэффициенті анықталады. Мақалада есептеу үшін қолданылатын негізгі параметрлердің орташа мәні қолданылған, сонымен қатар нақты есептеулерді жүргізу үшін қажеті формулалар көрсетіліп, нәтижесі алынған.