ТАҒАМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕУ ҮШІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАHERMETIA ILLUCENS ШЫБЫНДАРЫН ӨСІРУ ТИІМДІЛІГІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Hermetia illucensшыбындарын зертханалық жағдайда өсіріп, оның дернәсілдерімен тағам қалдықтарын өңдеу тиімділігі зерттелген. Жұмыста Hermetia illucensдернәсілдерін жасанды ортада өсіру арқылы тағам қалдықтарын өңдеудің тиімділігі анықталды. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы –жасанды жағдайда үй немесе өндірістік деңгейде кез-келген көлемдегі тағам қалдықтарын қысқа уақыт аралығында өңдеуге мүмкіндік береді. Hermetia illucensшыбындары мен дернәсілдерінөсіру үшін жасанды ортада, оңтайлы жағдайлар жасау жолдары сипатталды. Hermetia Illucensқұрылымы, оның иерархиясындағы орны зерттеліп, оның таралу орындары, биологиялық және өндірістік маңызы зерттелді. Hermetia illucensшыбындары дернәсілдері арқылы тағам қалдықтарын өңдеу, оның жалпы көлемін және ылғалдылығын азайтуда тиімділігі жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, Hermetia illucens дернәсілдерін өсіруге қолайлы жағдай жасау үшін өндірісте қолданылатын қажетті ресурстар шығынының мөлшері және тағам қалдықтарын өңдеудің тиімділігі зерттелді. Hermetia illucensдернәсілдері тағам қалдықтарын өңдеуде басқа дернәсілдермен немесе осы бағытта қолданылатын технологиялармен салыстырғанда кез келген көлемдегі тағам қалдықтарын жоғары тиімділіктен және қысқа уақыт аралығында өңдеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді. Инсектарийдегі шыбындарға қажетті экологиялық факторлардың көрсеткіштері қарастырылды.