САҢЫРАУҚҰЛАҚ КЕРАТИТТЕРІНІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ЕМІ (ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ)

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.60.91.014
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Саңырауқұлақ кератиті — бұл көздің қасаң қабығының ауыр инфекциясы, ол көбінесе соқырлыққа және көру қабілетінің жоғалуына әкеледі. Жалпы, саңырауқұлақ кератиті ылғалдылығы мен температурасы жоғары тропикалық және субтропикалық аймақтарда жиі кездеседі. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері, ауылдық жерлерде тұратын адамдар мен жанаспалы линзаларды киетін пациенттерде саңырауқұлақ кератитінің даму қаупі жоғары. Кератитке кейбір ерекше саңырауқұлақтардың Fusarium, Aspergillus, Candida және Curvularia түрлері де әкеледі. Географиялық және кәсіби факторлардан басқа, саңырауқұлақ кератитінің басқа қауіп факторларына көздің жарақаты, кортикостероидты көз тамшыларын қолдану және иммундық жүйенің әлсіреуі жатады. Ерте диагностика мен емдеу көру қабілетін сақтай алады. Саңырауқұлақ кератитіне қатысты соңғы зерттеулер туралы түсінік алу үшін, соңғы 30 жылдағы әдебиеттерге шолу жасалды. Саңырауқұлақ кератитімен жыл сайын миллионнан астам адам зардап шегуіне байланысты, әрбір елде арзан, қарапайым диагностикалық әдіс және қолжетімді ем қажет.