ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ХРОМ ЖӘНЕ БОРМЕН ЛАСТАНУЫНЫҢ АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2024.10.47.020
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ақтөбе өңірінде хром және бормен ластану қоғамдық денсаулыққа елеулі қауіп төндіріп отыр. Қазіргі таңда бұл өңір, маңызды өнеркәсіптік орталық, өзекті экологиялық проблемалармен бетпе-бет келеді. Хром, әсіресе алты валентті хром (Cr (VI)) түріндегі, онкологиялық ауруларды қоса алғанда, әртүрлі ауруларды тудыратын белгілі канцероген болып табылады. Жоғары концентрациядағы бор жүрек-қан тамыры жүйесіне, бүйрекке және репродуктивті функциясына теріс әсер етеді. Ақтөбе қаласы ауданындағы Елек ластану полигоны осындай ластанудың айқын мысалы болып табылады. Жетпіс жылдан астам мұнда өнеркәсіп қарқынды дамып келеді, бұл жерасты және өзен суларының алты валентті хроммен едәуір ластануына алып келді. Зардаптарды жою жөнiндегi күш-жiгерiне қарамастан, ластану әртүрлi онкологиялық ауруларды туындатып, халықтың денсаулығына терiс әсер етуiн жалғастыруда. Бұл мақалада хром мен бордың Ақтөбе өңіріндегі халықтың аурушаңдығы мен өліміне әсері қарастырылады. Зерттеу аймақ тұрғындары арасында өкпе, тері, бауыр және асқазан қатерлі ісігі сияқты онкологиялық аурулардың жоғарылауы анықталды. Сонымен қатар, науқастардың жас және жыныстық сипаттамалары туралы мәліметтер келтірілген. Ықтимал себептер, соның ішінде экологиялық факторлардың әсері де қарастырылған. Ластану деңгейін бақылау және төмендету бойынша іс-шаралар, сондай-ақ медициналық бақылауды оңтайландыру және аурулардың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленді. Нәтижелері бойынша онкологиялық аурулардың қаупін азайту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін кешенді тәсілдің қажеттілігін айқындайды.