ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2024-65-4-58-70
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мемлекеттік қарызды басқару – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оның көмегімен экономикалық саясат жүзеге асырылады. Бұл да мемлекеттік қарыз құралдары нарығының қазіргі қоғамдағы экономиканың маңызды көрсеткіштерінің біріне айналғанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл басқару мемлекеттің стратегиялық маңызы бар іс-шараларының қатарына кіреді. Мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің макроэкономикалық рөлі зор, өйткені ол мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығындарын азайтуға, сондай-ақ борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта мемлекеттік қарызды басқаруға жауапты мемлекеттік органдар ресурстарды тартуға кететін шығындарды ғана емес, сонымен қатар туындайтын тәуекелдерді, атап айтқанда валюталық тәуекел, қайта қаржыландыру тәуекелі және пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелін де ескеруі қажет. Мақалада COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанның мемлекеттік қарызының негізгі параметрлерінің әлемнің басқа елдерімен салыстырғандағы өзгеру динамикасы қарастырылып, пандемияға байланысты факторлардың әсері қарастырылған. Қарыздың салыстырмалы мөлшерінің өзгеруі мен жалпы ішкі өнім өзгерістерінің арақатынасына негізделген экономикалық құлдырауды болдырмау құралы ретінде мемлекеттік қарызды ұлғайту тиімділігін бағаланды.