Аңдатпа
Зерттеу жұмысы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін қаржыландырудың өзекті мәселелеріне арналады. Білім беруді қаржыландыру бүгінгі таңда одан әрі жетілдіруді қажет етіп отыр. Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін қолданатын елдердің тәжірибесі көрсеткендей, негізгі мәселе – тиімділік пен әділдік критерийлеріне толық жауап беретін оңтайлы үлгіні әзірлеу болып табылады. Білім беру саласында амбициялы мақсаттар қою қиын емес. Алайда, бұл мақсаттарға жету үшін қаржы ресурсы, сондай-ақ бұл ресурстарды қолданудағы максималды тиімділік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін саясат қажет. Білім жүйесін дамыту арқылы ел экономикасының дамитыны анық. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қолдауға және дамытуға жыл сайын жүздеген миллиард теңге бөлінеді, бірақ халықтың барлық топтары үшін сапалы білім беру қызметтеріне қолжетімділік әлі де өзекті мәселе болып қала береді. Демек, білім беру саласындағы қаржыны бөлу мен пайдаланудың тиімділігі туралы мәселе туындайды. Зерттеу жұмысының шеңберінде көптеген елдердің білім беруді қаржыландырудағы халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізіле отырып, білім берудегі ағымдағы кірістер мен шығыстардың динамикасы, педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің штат саны және қоса атқарушылар бойынша талдау жасалды. Жүргізілген талдау негізінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін жұмыс жасайтын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері анықталды. Нәтижесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар ұсынып отырмыз. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру кезінде ақпараттық-аналитикалық әдіс, салыстырмалы және статистикалық талдау әдістері, графикалық-аналитикалық құралдар қолданылды. The study is devoted to one of the urgent problems – the financing of institutions of technical and vocational education. The financing of education today faces the need for further improvement. As the experience of many countries using the per capita financing system shows, the main problem is to develop an optimal model that would fully meet the criteria of efficiency and equity. It is easy to set ambitious goals in the field of education. However, in order to achieve these goals, financial resources are required, as well as policies that ensure maximum efficiency and equity in the use of these resources. Hundreds of billions of tenge are allocated annually for the maintenance and development of the education system, but access to high-quality educational services for all population groups remains an urgent problem. Consequently, the question arises about the effectiveness of the allocation and use of finance in the field of education. Within the framework of the study, an analysis of the financing of education of international experience of countries was carried out, the dynamics of current income and expenses for education, the staff number of teachers and masters of industrial training and part-time employees were analyzed. Based on the analysis, the problems of providing qualified personnel to educational institutions of technical and vocational education have been identified. As a result, measures are proposed to improve the per capita financing system. In the implementation of the goals and objectives of the study, the information and analytical method, methods of comparative and statistical analysis, graphical and analytical tools were used.