Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2024.2(55).39
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әр түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз - бұл қоғамдағы бар қандай да бір әлеуметтік мәселелерді шешетін немесе жеңілдете алатын, сонымен қатар өзін-өзі қамтамасыз ете алатын инновациялық қызмет болып табылады. Экономикалық әдебиеттерге контент-талдау жүргізе отырып, әлеуметтік кәсіпкерлікті түсінудің екі негізгі тәсілін ажыратуға болатындығы анықталды: 1) әлеуметтік кәсіпкерлік классикалық ресурстарды жаңа тәсілдермен біріктіру арқылы құндылық құру процесі ретінде; 2) әлеуметтік кәсіпкерлік әлеуметтік игілік алу, әлеуметтік өзгерістерді ынталандыру және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында ресурстарды біріктіру процесі ретінде айқындалды. Әлеуметтік кәсіпкерлік – Қазақстан экономикасында жақында ғана пайда болған сектор. Осы сала ерекше қолдауды қажет етіп тұр. Өйткені бұл жерде бірінші орында пайда табудан бұрын әлеуметтік саланы дамыту, түрлі әлеуметтік топты жұмыспен қамту мәселесі тұрады. Мақалада тұжырымдамалар жүйесі (міндет, нәтиже, маңыздылық, принциптер) арқылы әлеуметтік кәсіпкерліктің мәнін толық ашатын теориялық негіз құрылды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі сипаттамалары мен белгілері анықталды, олар оны бизнестің классикалық түрінен ерекшелендіреді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті айқындау, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары мен критерийлерінің тізбесі ұсынылды, оларға сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік қызметі бағытталатын әлеуметтік кәсіпкерлікті бақылау және қолдау шаралары ұсынылды. According to a variety of sources, social entrepreneurship is a creative endeavor that can both support itself and provide creative solutions to current social issues in society. It has been determined through a content analysis of economic literature that there are two primary ways to conceptualize social entrepreneurship: 1) Social entrepreneurship can be defined as the process of generating value through innovative combinations of traditional resources; 2) Social entrepreneurship can be defined as the process of combining resources to fulfill social needs, promote social change, and achieve social benefits. The field of social entrepreneurship has just lately come into prominence in Kazakhstan's economy. Special assistance is needed in this field. In fact, rather than making money, the main goals here are the growth of society and the employment of diverse social groups. The article uses a system of concepts (task, result, significance, principles) to establish a theoretical framework that thoroughly shows the core of social entrepreneurship. Furthermore, the primary attributes and traits of social entrepreneurship that set it apart from traditional business models were determined, drawing on the findings of the study. Measures for monitoring and supporting social entrepreneurship were suggested in accordance with a list of types and criteria for social entrepreneurship entities, as well as a definition of social entrepreneurship.