Аңдатпа
Азық-түлік қауіпсіздік мемлекеттің экономикалық және аграрлық саясатының басты мақсаты болып табылады. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздікке ұмтылу үздіксіз үрдіс болып табылады. Оған жетуде аграрлық саясаттың даму басымдықтары мен оны жүзеге асырудың тетіктері жиі өзгереді. Бұл мақаланың басты мақсаты азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құрғақ егіншілік аймағындағы экологиялық таза көкөніс өндірісін талдау және оны тұтынуға маркетингтік зерттеу жүргізу. Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер орындалды: азық-түлік қауіпсіздігі үшін көкөніс шаруашылығының рөлі қарастырылды, Атырау облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарында көкөніс өнімдерін өндіру мен өткізудің тиімділігі анықталды, жаңа піскен көкөністерді сатып алушылардың сұранысына маркетингтік зерттеу жүргізілді. Зерттеудің әдісі ретінде жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді, маркетингтік талдау жасалды, көкөніс өндіру және оны тұтыну бойынша отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге шолу жасалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы экологиялық жағынан таза көкөніс өнімдерін өндірудің тиімділік мәселелерін қарастырудан, көкөніс өндірісін талдау және органикалық көкөніс өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру факторлары мен шарттарын анықтау мақсатында жергілікті тұрғындардың органикалық таза өнімді тұтынуы жөнінде маркетингтік зерттеуден көрінеді. Зерттеудің ақпараттық базасын экологиялық таза көкөніс өнімдерін тұтынатын жергілікті тұрғындармен жүргізген сұрау нәтижесі, жарияланған ғылыми еңбектер бойынша зерттеулерден алынған деректер құрады. Food security is the main goal of the State's economic and agrarian policy. The pursuit of national food security is a constant trend. In achieving it, priorities for the development of agrarian policy and mechanisms for its implementation often change. The main purpose of this article is to analyze the environmentally friendly production of vegetables in the arid farming zone to ensure food security and conduct a marketing study of its consumption. In order to achieve this goal, the following tasks were performed: the role of vegetable growing for food security was considered, the efficiency of production and sale of vegetable products in agricultural structures of Atyrau region was determined, a marketing study of consumer demand for fresh vegetables was conducted. The research method consists in conducting a survey of the local population, marketing analysis, and a review of domestic and foreign scientific works on the production and consumption of vegetables. The scientific novelty of the research is manifested in the consideration of the issues of the efficiency of the production of environmentally friendly vegetable products, marketing research of the consumption of organic pure vegetable products by local residents in order to analyze the production of vegetables and identify factors and conditions to meet the growing demand for organic vegetable products. The information base of the study consisted of the results of a survey of local residents who consume organic vegetable products, research data on published scientific papers and statistical data.