ДӘСТҮРЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v9i3.805
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақала ХХІ ғасырдағы қазақстандық кескіндеме мектебінің дамуының кейбір маңызды аспектілерін зерттеуге арналған. Қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің өзгеру үдерісінің ерекшеліктерін саяси және экономикалық өзгерістер аясында анықтау мақсатында оның жаңа бағыттарын дамыту мәселесі зерттелуде. Сандық кескіндеме, минимализм, фотореализм және попкескіндеме бағыттарындағы суретшілердің шығармашылығына талдау жасалады.Бейнелеу өнерінің даму үдерісін, суретшілердің жаңашыл ізденістерін зерттеу мәселесі өте өзекті. Жаңа идеялар, сипатты тәсілдер, орындау шеберлігі қазіргі көрермен көңілінен шығатын өзіндік бағыттардың қалыптасуына әсер етті. Зерттеу барысында дәстүрлі сурет салу техникасымен қоса көптеген «digital» технологияларды қолданатын бейнелеу өнерінің дамып келе жатқан жаңа түрлері – фотореализм мен сандық кескіндемеге тән ерекшеліктер анықталды. Бейнелеу өнерінің осы бағыттарын зерттеу бейнелеу өнерінің экспрессивтілігінің жаңа аспектілерін ашуға мүмкіндік беріп, көрерменге өнер туындысын өз бетінше түсінуге көмектеседі.Нәтижесінде заманауи бейнелеу өнері қазіргі қоғамның ұмтылысы мен сұраныстарын айқындайтын стильдер мен әдістердің кең ауқымын қамтиды деген қорытынды жасалды. Гибридті әдістер жиынтығы визуалды және оптикалық әсерлерді жасауға, шебер мен көрерменнің диалог үдерісін басқаруға мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға бейімделген стиль бейнелеу өнерінің бүкіл бағытына екпін береді. Поп-кескіндеменің өкілі болып табылатын суретшінің шығармашылығы ондаған жылдар бойы бүкіл өнердің даму үрдісін болжау үшін егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Әрине, өнердегі үрдістер өзгермелі және сөзсіз қоғамның эволюциясын байқатады. Бірақ қалай болғанда да, бұл қазіргі заманғы бейнелеу өнерін мәдениеттің біртұтас кеңістігінде қарастыратын өнертанушылардың қызығушылығын тудырады. Өнерде дамитын және өзгеретін барлық үдерісті адамның өнермен одан әрі өзара әрекеттесуі мақсатында зерттеу және түсіну керек.